Педагогикалық кеңес №2
«Білім беру сапасын арттырудағы әдістемелік жұмыстың өзектілігі»
2 мәселе
«Оқу үдерісінің тиімділігін арттыруда ЖИ құралдарын қолдану жолдары»
Мақсаты:
Білім беру процесінде жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын тиімді пайдалану арқылы оқытудың сапасын арттыру, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін дамыту және оқушылардың жеке оқу траекториясын қалыптастыру.
Міндеттері:
- Мұғалімдерді жасанды интеллекттің негізгі түрлерімен және білім саласында қолдану мүмкіндіктерімен таныстыру;
- ЖИ құралдарын сабақ жоспарлау, бағалау және саралап оқытуда пайдалану жолдарын көрсету;
- Оқушылардың оқу жетістіктерін талдау мен кері байланыс беруде ЖИ көмегін енгізу;
- Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара әрекеттестікті заманауи технологиялар негізінде жетілдіру.
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Жасанды интеллектіні дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі хаты басшылыққа алынып,
«№45 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 2025-2026 оқу жылына арналған оқу үдерісіне ЖИ енгізу бойынша жылдық мектпепішілік жоспар құрылды. Жоспарға сәйкес мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін дамыту бағытында бірқатар жұмыстар қойылды. Соның ішінде жоспарға сәйкес қыркүйек айында «Жасанды интеллект-білім сапасын арттырудың заманауи құралы» тақырыбында педагог-магистрлер Рсмаганбетова Г.М және Панабек В.Ж өткізген коучинг жүргізілді.
Әдістемелік бірлестік отырыстарында ЖИ тақырыптары қаралды, гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігі «Жасанды интеллект құралдарын сабақта қолдану жолдары» тақырыбында, жаратылыстану бірлестігінде «Информатика сабақтарында жасанды интеллект қолдану» тақырыптарында бірлестік мүшелеріне тәжірибемен бөлісті.
Онлайн форматында болған жасанды интеллект курсына мектеп педагогтары 100 % өтіп, сертификат алды.
Жасанды интеллект қазіргі таңда білім беру саласында мұғалімнің көмекшісі рөлін атқарады. Ол:
- сабақ жоспарын құруға, тапсырмаларды саралауға;
- оқушының деңгейіне қарай жеке оқу материалдарын ұсынуға;
- автоматты тексеру және талдау арқылы мұғалімнің уақытын үнемдеуге;
- оқыту платформаларымен (Kahoot, Quizizz, ChatGPT, Google AI, Khanmigo т.б.) интеграциялауға мүмкіндік береді.
Мұндай құралдарды пайдалану мұғалімнің кәсіби қызметін жеңілдетіп қана қоймай, оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашады.
30.10.2025 жылы облыстық тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект» бойынша облыстық семинар ұйымдастырылды, семинар спикері Бостон университетінің түлегі Жұмаев Мағжар Сәрсенбайұлы.
Семинар барысында «Google labs», «Z.ai Chat», «Oilna.AI» жасанды интеллектілері таныстырылып, практикалық жұмыстар жүргізілді.
Бүгінгі кеңесте жоғарыда аталған ЖИ құралдары педагогтарға таныстырылады.
«Google labs» -Google компаниясының жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларды сынақтан өткізуге арналған зерттеу және тәжірибе алаңы.Бұл платформа алғаш рет 2002 жылы құрылған, ал 2023 жылы қайта жаңартылып, жасанды интеллект саласындағы жобаларға ерекше назар аударуда.Қазіргі уақытта Google Labs аясында бірнеше маңызды AI жобалар жүзеге асырылуда:
«Z.ai Chat» - бұл жасанды интеллектке негізделген чат-ассистент (әңгімелесу платформасы). Ол пайдаланушы сұрақтарына жауап беріп, мәтін құрастырып, ақпарат іздеп, түрлі тапсырмаларды автоматтандыруға көмектесетін жүйе.
Z.aiChat-жасанды интеллект (AI) технологиясымен жұмыс істейтін интерактивті чат-бот.
Ол табиғи тілді түсініп, адаммен еркін сөйлесуге, ақпарат беруге, кеңес ұсынуға қабілетті.Мақсаты-адамның күнделікті және кәсіби жұмысын жеңілдету.
Z.aiChat мүмкіндіктері:
- Ақпарат іздеу және талдау:Пайдаланушы қойған сұрақтарға нақты әрі қысқа жауап береді.
- Мәтінмен жұмыс: Мақала, баяндама, хат, эссе, жарнама мәтінін құрастырады.
- Тілдік көмек:Аударма жасау, грамматикалық түзету, сөйлемді жетілдіру.
- Сөйлесу және оқыту:Оқушылар мен студенттерге оқу материалын түсіндіру, дайындық жүргізу.
- Креативті идеялар ұсыну:Презентация, сценарий, жоба немесе жоспар жасауға көмек береді.
* Практикалық тапсырмалар орындау
* Кері байланыс «Slido» арқылы
Қорытынды:
Жасанды интеллект білім беру процесін жаңғыртудың, оқытудың тиімділігін арттырудың және жеке дара оқытудың маңызды құралына айналып келеді. Мұғалімнің кәсіби икемділігі мен технологиялық сауаттылығы артқан сайын, оқу сапасы да соған сай жоғарылай түседі. Сондықтан педагогикалық ұжым үшін ЖИ құралдарын жүйелі түрде меңгеру мен тәжірибеде қолдану-уақыт талабы.
Ұсыныстар:
- Мектеп педагогтеріне арналған «Жасанды интеллектті сабақта қолдану» тақырыбында практикалық семинарлар ұйымдастыру;
- Оқу жылы бойы ЖИ құралдарын тиімді қолдану бойынша тәжірибе алмасу алаңын (шеберлік сынып, дөңгелек үстел) құру;
- Әр пән мұғаліміне арналған ЖИ құралдарының тізбесін және қолдану нұсқаулығын дайындау;
- Оқушыларды цифрлық этика мен қауіпсіздікке үйрету бағытындағы жұмыстарды күшейту.
«Оқу үдерісінің тиімділігін арттыруда ЖИ құралдарын қолдану жолдары» №2 педагогикалық кеңес мәселесі
«Оқу үдерісінің тиімділігін арттыруда ЖИ құралдарын қолдану жолдары» №2 педагогикалық кеңес мәселесі
https://sh45-aktobe.edu.kz/kz/ylymi-distemelik-zh-mys/zhasandy-intellent/202-bilim-beru-sapasyn-arttyruda-y-distemelik-zh-mysty-zektiligi.html#sigFreeId888819f9fd






