Қазақстан Республикасының Оқу -ағарту министрлігінің тапсырысымен ағымдағы оқу жылынан бастап барлық білім беру ұйымдарында “ Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектебімізде ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында “Даналық мектебі” құрылды. Клуб қызметінің үйлестірушісі болып зейнеткер - ұстаз Джалмағамбетова Дәмнгүл Тайшыққызы тағайындалды.
“Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
21.09.2023 күні «Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы» тақырыбында 1-4-5-9-11 сынып ата - аналар жиналысы өткізілді.









