Оқытудың жаңа көкжиегі – жасанды интеллект мүмкіндіктері
Мақсаты:
- Педагогтерге жасанды интеллект (ЖИ) құралдарының мүмкіндіктерін таныстыру;
- Оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруда ЖИ-ді қолданудың нақты тәсілдерін көрсету;
- HeyGen, Sliki.ai сияқты сервистер арқылы контент құруды, цифрлық материалды автоматтандыруды үйрету;
- Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру.
Міндеттері:
- Жасанды интеллекттің білім беру саласындағы рөлін түсіндіру;
- Мұғалім жұмысына тиімді ЖИ құралдарының тізбесін көрсету;
- HeyGen және Sliki.ai платформаларында шағын практикалық жұмыс орындату;
- ЖИ-ді сабаққа кіріктіру жолдары туралы тәжірибе алмасу;
- Коучинг соңында қатысушылар өз пәніне салыстырмалы түрде ЖИ құралдарын қолдану жоспарын құра алады.
Коучингтің барысы
- Кіріспе бөлім (5 мин)
Әдістеме жөніндегі ҚББ педагог Д.М.Джолдасбаева:
– Бүгінгі коучингіміздің мақсаты – AI құралдарын сабақта қолдана отырып, мұғалім жұмысының тиімділігін арттыру.
– «Бүгінгі мұғалім – цифрлық педагог» видеосы (1 минуттық қысқа ролик).
- «Жасанды интеллект дегеніміз не?» мини-талқылау (5 мин)
Қатысушыларға сұрақ:
- ЖИ-ді өз жұмысыңызда қандай мақсатта қолданасыз/қолданар едіңіз?
- Қандай қиындықтар бар?
- Тренинг « Жылы тілек, жайлы орта»
- Негізгі бөлім: ЖИ құралдарының мүмкіндіктері (15 мин)
Бастауыш класс мұғалімі Абдуллина Гүлшат Асылхановна
HeyGen — AI видеоаватар жасау құралы
Мүмкіндіктері:
- Мұғалім дауысы мен бейнесіне ұқсас аватар-видео жасау;
- Сабаққа арналған түсіндірме видеолар жасау;
- Көптілді дубляж (мәтінді кез келген тілге автоматты аудару);
- Презентацияға кіріспе ролик қосуға болады.
Практикалық жұмыс (3–4 мин):
- Қатысушылар 2–3 cөйлемнен тұратын мәтін жазады.
- HeyGen-де «Talking Photo» арқылы қысқа аватар-видео жасалады.
Бастауыш класс мұғалімі Рустемова Таңшолпан Есенғосқызы:
- ai (Slicki / Sliki) — ЖИ негізінде контент жинау және жоспарлау құралы
Артықшылықтары:
- Сабақ жоспарын автоматты жазады;
- Ұйым ішінде wiki-бет жасап, материал жинақтайды (әдістемелік база құруға өте тиімді);
- Топпен ортақ жұмыс: әр мұғалім бір бөлімді толтыра алады;
- Әдістемелік нұсқауларды, тапсырмаларды, оқу материалдарын бір жерге жинақтайды.
Практикалық жұмыс:
- Коучинг қатысушылары Sliki-де бір ортақ «Біз ЖИ-ді сабақта қалай қолданамыз?» деген wiki-бетке идея жазады.
Басқа пайдалы ЖИ құралдары (қысқаша таныстыру):
- ChatGPT – мәтін, тапсырма, тест, түсіндіру, сценарий;
- Canva AI – постер, презентация, жұмыс парақтары;
- Kahoot / Quizizz AI – тест автоматты генерация;
- Gamma.app – AI презентациясы;
- Edua.ai – білімге бағытталған қазақстандық ЖИ-сервис.
- Топтық жұмыс (10 мин)
Қатысушыларды 3 топқа бөлу.
Тапсырмалар:
1-топ: ЖИ көмегімен 7–10 минуттық сабақтың кіріспе ролигін жоспарлау (HeyGen + Canva).
2-топ: Sliki.ai платформасында бір пәнге арналған әдістемелік wiki-бет құрылымын әзірлеу.
3-топ: ЖИ құралдарын қолдана отырып, 1 тақырыпқа мини-сабақ жоспарын құрастыру
Қорғау: Әр топ 2 минуттан қорғайды.
- Рефлексия «AI бізге не берді?» (5 мин)
Стикерлерге жазу:
- Не үйрендім?
- Қай құрал мен үшін пайдалы болды?
- Қандай сұрағым қалды?
«Май шам» кері байланысын үйрету, ұстаздарды жасаған кері байланысына қатыстыру
- Қорытынды (3 мин)
– ЖИ мұғалімнің орнын алмастырмайды, бірақ оның жұмысын бірнеше есе жеңілдетеді.
– Сапалы контентті тез әзірлеуге, оқушыларға қызықты оқу материалын ұсынуға мүмкіндік береді.
– HeyGen – видеоаватар; Sliki – әдістемелік база; Canva AI – визуал; ChatGPT – мәтін генераторы.
https://sh45-aktobe.edu.kz/kz/ylymi-distemelik-zh-mys/zhasandy-intellent/200-o-ytudy-zha-a-k-kzhiegi-zhasandy-intellekt-m-mkindikteri.html#sigFreeId7d62e5a135






