Түсінік хат

Қазіргі таңда әлемдік білім кеңістігі жасанды интеллект (ЖИ) технологияларымен тығыз байланыста дамуда. Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру жүйесіне ЖИ элементтерін енгізу-уақыт талабы.

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Жасанды интеллектіні дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі хаты басшылыққа алынды.

«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет басшысы ЖИ‑ді тек технологиялық сала ретінде емес, ұлттық даму, әлеуметтік, білім беру және басқару жүйелерінің негізі ретінде қарастыруды тапсырды. Сол себепті ЖИ технологияларын еліміздің экономикасына, мемлекеттік басқаруға, сонымен қатар білім беру саласына кеңінен енгізу арқылы цифрлық дамуды жеделдету қолға алынуда.

Мектеп деңгейінде ЖИ технологияларын енгізу оқу сапасы мен оқушылардың белсенділігін арттыруға, инновациялық білім беру ортасын қалыптастыруға сонымен қатар бәсекеге қабілетті, заманауи дағдылармен қаруланған түлектерді даярлауға мүмкіндік туғызары сөзсіз.

 Мақсаты:

Оқу үдерісінде жасанды интеллект туралы базалық түсініктерін қалыптастыру, алгоритмдік ойлауын дамыту және заманауи технологияларды тиімді қолдану

Міндеттері:

  1. Жасанды интеллекттің мәні, бағыттары мен қолдану салаларымен таныстыру.

2.Оқушыларға алгоритмдік ойлауды дамытатын әрі ЖИ құралдарын тәжірибемен қолдануға мүмкіндік беретін білім беру ортасын құру. 

  1. Мұғалімдердің педагогикалық қызметінде ЖИ технологияларын қолдану қабілетін дамыту.

 

  1. Сандық сауаттылықты, кибермәдениетті және ақпараттық қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру.
  2. ЖИ құралдарын (чат-бот, мәтін/сурет генераторлары, аналитика құралдары т.б.) практикалық тапсырмалар арқылы меңгерту.
  3. Білім беру мазмұнында ЖИ контенті мен ЖИ‑ға бағытталған жобалы жұмыстарды енгізу.
  4. Жобалық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Негізгі алгоритмдер:

- Оқыту бағдарламасына ЖИ элементтері мен модульдерін енгізу 

- Мектепте ЖИ‑ге арналған ресурстық ортаны (компьютерлік класс, зертханалар) дамыту 

- Мұғалімдерге ЖИ құралдарын қолдану бойынша оқыту семинарлары ұйымдастыру 

- ЖИ тақырыбы бойынша факультатив курстар немесе үйірмелер ашу 

- Оқушылардың ЖИ тақырыбындағы жобаларын қорғауға жағдай жасау 

- ЖИ қолдануға бағытталған этика мен академиялық адалдық қағидаларын мектепте енгізу

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар үшін:

   - ЖИ туралы базалық білім мен түсінік қалыптасады;

   - Алгоритмдік және сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамиды;

   - ЖИ құралдарын (мысалы: ChatGPT, Google Bard, image генераторлар) оқу және жобалау үдерісінде тиімді қолдана алады;

   - ЖИ арқылы жобалар жасап, ғылыми-зерттеу дағдылары қалыптасады;

   - Цифрлық және медиа сауаттылық артады;

   - Этикалық және қауіпсіз қолдану мәдениеті қалыптасады.

  1. Мұғалімдер үшін:

   - ЖИ технологияларын педагогикалық үдерісте қолдана біледі;

   - Білім беру процесін жекелендіріп, тиімді етеді;

   - Деректерге негізделген шешімдер қабылдайды (талдау, бағалау, диагностика);

   - Цифрлық құзыреттілігі дамиды.

№45 жалпы білім беретін орта мектебінің  ЖИ бойынша мектепішілік жұмыс жоспары

Жұмыс мазмұны

мақсаты

мерзімі

жауаптылар

1

Педагогикалық ұжымды әдістемелік ұсынымдардың мазмұнымен таныстыру, оларды оқыту тәжірибесіне енгізуді ұйымдастыру

Ақпарат тарату, іс-шараларды жоспарлау

2025-2026 оқу жылы

Әдістеме ісі жөніндегі  ҚББ педагогі,

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары

2

Жасанды интеллект туралы мұғалімдерге арналған семинар, «Convai»,  «Gemini», «Kandinsky» ЖИ құралдары туралы ақпарат беру

/негізгі ұғымдарды таныстыру/

Сандық сауаттылықты арттыру

қыркүйек

Әдістеме ісі жөніндегі  ҚББ педагогі,

Бірлестік жетекшілері

3

Педагогтердің ЖИ қолдану бойынша цифрлық құзыреттілігін қалыптастыратын біліктілікті арттыратын курстардан өтуін қамтамасыз ету

Сандық сауаттылықты арттыру

Қыркүйек

 

Әдістеме ісі жөніндегі  ҚББ педагогі

4

«Жасанды интеллект-білім сапасын арттырудың заманауи құралы»

коучинг

ЖИ түрлерімен педагогтерді таныстыру, оқу-тәрбие процесіне енгізу

қыркүйек

Әдістеме ісі жөніндегі  ҚББ педагогі,

Панабек В.Ж., Рсмаганбетова Г.М

5

Мектеп кітапханасында жасанды интеллектке арналған бұрыш ұйымдастыру

| Қосымша ақпарат ұсыну |

Сандық сауаттылықты арттыру

қазан

кітапханашы

6

«Оқытудың жаңа көкжиегі – жасанды интеллект мүмкіндіктері»

/ коучинг/

ЖИ түрлерімен педагогтерді таныстыру, оқу-тәрбие процесіне енгізу

 

қазан

Әдістеме ісі жөніндегі  ҚББ педагогі,

Рустемова Т.Е.,

Абдуллина Г.А

7

«Тілдік және жаратылыстану пәндерінде ЖИ қолданудың тиімді жолдары»

/әдістемелік кеңес отырысы/

Жасалған іс-әрекеттерді талдау

қараша

Әдістеме ісі жөніндегі  ҚББ педагогі,

Бірлестік жетекшілері

8

«Жасанды интеллект құралдарын сабақта қолдану жолдары»

/ практикум/ гуманитарлық пәндер әдістемелік  бірлестігінің отырысы

ЖИ түрлерімен педагогтерді таныстыру, оқу-тәрбие процесіне енгізу

қараша

гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігі

9

«Информатика сабақтарында жасанды интеллект қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел жаратылыстану бірлестігінің отырысы

 

ЖИ түрлерімен педагогтерді таныстыру, оқу-тәрбие процесіне енгізу

қараша

Жаратылыстану пәндерінің әдістемелік бірлестігі

10

«Жасанды интеллект: мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру құралы»

/ коучинг/

ЖИ түрлерімен педагогтерді таныстыру, оқу-тәрбие процесіне енгізу

желтоқсан

Әдістеме ісі жөніндегі  ҚББ педагогі,

Карабалина Р.К.,

Қуаныш Ұ.Н

11

«Google Bard» құралын педагогтерге таныстыру

Сандық сауаттылықты арттыру

желтоқсан

Информатика пәнінің мамандары

12

Сабақ үдерісінде ЖИ құралдарын қолдану жұмыстары бойынша әлеуметтік желіге жариялау

Іс-тәжірибе тарату

Жыл бойы

Пән мұғалімдері

13

«Жасанды интеллект және менің  болашағым» эссе байқауы

/жас мамандар арасында/

Шығармашылық ойлау, сыни көзқарас қалыптастыру

қаңтар

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,

әдістеме ісі жөніндегі  ҚББ педагогі

14

«Жасанды интеллек технологияларының мүмкіншіліктері» тақырыбында  дөңгелек үстел.

/жаратылыстану бірлестігінің отырысы/

Сандық сауаттылықты арттыру

қаңтар

Жаратылыстану пәндерінің әдістемелік бірлестігі

15

« Заманауи білім беру-болашақтың таңдауы»

/ облыстық семинар-практикум/

Іс-тәжірибе тарату

ақпан

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі

16

«AI негізінде оқушылар жобаларын қорғау»

Практикалық дағдыларды дамыту

наурыз

Пән мұғалімдері

17

ЖИ тақырыбында мерзімді баспаларға педагогтардың жұмыстарын ұсыну

Іс-тәжірибе тарату

Жыл бойы

Пән мұғалімдері

18

Білім алушылардың ЖИ өнімдерімен жұмыс істеуі кезінде ЖИ қолдану этикасын насихаттау

Қауіпсіздік мақсатында

үнемі

Пән мұғалімдері

19

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда оңтайлы ЖИ құралдарын қолдану

«Scholarcy» «Elicit»

ЖИ түрлерімен педагогтерді таныстыру, оқу-тәрбие процесіне енгізу

ақпан

Ағылшын пәнінің мұғалімдері

20

“ЖИ өмірімізде» пікірталас

Шығармашылық ойлау, сыни көзқарас қалыптастыру

қаңтар

«Рух» дебат клубының жетекшісі

21

ЖИ қауіпсіздігі мен этикасы бойынша ақпараттық парақшалар тарату

/ата-аналармен жұмыс/

Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында

Тоқсан сайын

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

22

Ата-аналарға ЖИ технологиялары туралы таныстыру

/ата-аналар жиналысында/

Ақпараттық

наурыз

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

23

«Жасанды интеллект күні»

/интеллектулды ойындар/

Шығармашылық ойлау, сыни көзқарас қалыптастыру

сәуір

Пән мұғалімдері

22

Жыл бойы ЖИ енгізу бойынша қорытынды жасау, есеп беру

Талдау жұмысы

мамыр

әдістеме ісі жөніндегі  ҚББ педагогі