2025-2026 оқу жылында «Өркен» балабақшасымен сабақтастықты орнату мақсатында №45 жалпы білім беретін орта мектеп меморандумға қол қойған болатын.Қарашаның12-ші жұлдызында қыр басындағы №45 орта мектебінде “ Өркен” балабақшасының тәрбиеленушілері қонақта болды.
Жылдық жоспарға сәйкес сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында
“ Болашақ бірінші сынып оқушылары мектепте” атты ашық есік күні өткізілді.
Мақсаты:балабақша тәрбиеленушілерін мектеп өмірімен таныстыру, мектепке бейімделу үдерісін жеңілдету, білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
Кішкентай қонақтарды 1 сынып оқушылары қарсы алып, сынып жетекшісі Таңшолпан Есенғосқызы амандасу тренингін өткізді.
Мәжіліс залында мектеп директоры Н.Ж. Байниязова кішкентай бүлдіршіндерге жылы лебізін білдіріп, кішкентай өнерпаздар ән шашуын арнады.
Мектеппен таныстыру экскурсиясы жасалып, “ Ертегілер елінде” кітапханаға саяхат, “ Көңілді психология еліне саяхат”, “ Ойын- сауық бөлімін” аралап, “ Бір күн оқушы боламын” интерактив сабақтарына қатысты.
Балабақша тәрбиеленушілері көтеріңкі көңілмен қоштасты.
Шараны ұйымдастыруға қатысқан барлық ұстаздарға алғысымызды білдіреміз. “ Өркен” балабақша әкімшілігінен де жақсы сөздер келіп жетті.
Шара өз мақсатына жетті.






