«Болашақ бірінші сынып оқушылары мектепте»
Ашық есік күні
Мақсаты: балабақша тәрбиеленушілерін мектеп өмірімен таныстыру, мектепке бейімделу үдерісін жеңілдету, білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
Ашық есік күні барысы:
- Қарсы алу сәті
- Мектеп фойесінде 1-сынып оқушылары мен мұғалімдер әуенмен қарсы алады.
- «Амандасу» тренингін ұйымдастыру
- Балаларға мектеп логотипі бар төлқұжат (белгіше) немесе шар тарату.
- Мектеппен таныстыру экскурсиясы
Балаларды топпен бөліп:
- Мәжіліс залында қарсы алу
1 сынып білім алушыларының әзірлеген музыкалық номерлері
- 1-сынып кабинеттерін көру
- Асхана, спортзал, кітапхана, информатика бөлмесі, медициналық кабинетпен таныстыру
- Әр нүктеде қысқа қызықты таныстырылым (мысалы: кітапханада-кітап ертегісі, спортзалында-шағын жарыс).
- «Ертегілер елінде» / кітапханаға саяхат/
Құрметті қатысушылар мен қонақтар!
Бүгін біз сіздерді сиқыр мен қиялға, жақсылық пен мейірімге толы ғажайып әлемге-«Ертегілер елінде» атты библиографиялық көрмеге шақырамыз!
Ендеше, ертегі әлемінің есігін бірге ашып,балалық шақтың сиқырлы сәттерін бірге сезінейік!
Мақсаты: Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, қиялын дамыту, ертегі арқылы ізгілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- “Бір күн оқушы боламын” интерактив сабағы
- 1-сынып мұғалімі «Мен мектепте оқимын» атты шағын сабақ өткізеді (әріптермен, сандармен ойын, сурет салу, бейнежазба қарау).
- Мысалы:
Әдебиеттік оқу-“Әріптер әлеміне саяхат”
Математика-“Сандар патшалығында”
Дамытушылық ойын-“Кім жылдам ойлайды?”
- Ойын-сауық бөлімі
- “Мектепке саяхат” атты квест-ойын (тапсырмалар орындап, жұлдызша жинау)
- Қимылды ойындар: “Достар эстафетасы»
- «Көңілді психология еліне саяхат» Балалардың мектепке деген қызығушылығын, сенімін арттыру;
- Мектеп психологының рөлін түсіндіру (ол-дос, көмекші, қолдаушы екенін көрсету);
- Мектепке бейімделу үрдісін жеңілдету, эмоциялық тұрақтылықты қалыптастыру.
Қарсы алу және танысу бөлімі
- Психолог жылы қарсы алып, өзін таныстырады.
- Балалармен шеңбер жасап тұрып, «Менің көңіл-күйім қандай?» ойынын ойнайды (мысалы, түрлі көңіл-күй бейнеленген смайликтерден өзіне ұнағанын таңдау).
Мақсаты: Балалардың эмоционалдық жағдайын бақылау және ашық қарым-қатынас орнату.
Психология кабинетімен таныстыру
- Психолог балаларға бөлменің әр бұрышын көрсетеді:
- «Көңіл-күй бұрышы»-түрлі көңіл-күй суреттері мен айна;
- «Демалыс аймағы»-жұмсақ ойыншықтар, құм немесе сенсорлық материалдар;
- «Сиқырлы қорап»-түрлі карточкалар мен тапсырмалар салынған қорап.
Мақсаты: Балалар психология кабинетін жылы, сенімді, жайлы орын ретінде қабылдасын.
Ойын бөлімі:
- «Көңіл-күйді боя»-әр балаға түрлі түстер беріліп, өз көңіл-күйін сурет арқылы бейнелейді.
- «Кімнің күлкісі ең әдемі?»-балалар айнаға қарап, өз күлкісін көреді.
- «Жақсы сөз-жанға қуат»-психолог балаларға жылы сөз айтып, олардың да жақсы сөз айтуын сұрайды.
- «Достық ағашы»-қағаз ағашқа әр бала өз есімін және достарына арналған тілек жазады.
Қорытынды сәт
- Мектеп директорының не бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісінің құттықтау сөзі
- Балабақша тәрбиеленушілеріне “Болашақ оқушы” дипломдары мен тәтті сыйлықтар табыстау
- Естелік фото сәті.