Жасанды интеллект – білім сапасын арттырудың заманауи құралы

 Мақсаты: Мұғалімдерді Curipod жасанды интеллект платформасымен таныстыру, оны сабақта қолданудың тиімді жолдарын көрсету және тәжірибе жүзінде қолдануға үйрету.

Міндеттері:

  • Curipod платформасының мүмкіндіктерін таныстыру.
  • Curipod арқылы сабақ жоспарын, викторина мен интерактивті тапсырма жасауды үйрету.
  • Қатысушылардың АКТ және ЖИ құралдарын сабақта тиімді қолдану дағдыларын дамыту.

 

Тақырыптық таныстырылым:

Жасанды интеллекттің білім беру саласындағы рөлі.

  • Curipod платформасының шығу тарихы және басты артықшылықтары.
  • Curipod қандай функцияларды ұсынады:
  • Слайд, викторина, сұрақ-жауап жасау
  • ChatGPT негізіндегі «Lesson Generator»
  • Қатысушылардың тікелей жауап беруі (live mode)
  • Автоматты сабақ жоспары генерациясы

Curipod-бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін интерактивті сабақ құралы. Ол мұғалімдерге бірнеше секунд ішінде оқу мақсаттарына сай слайдтар, талқылау сұрақтары, тестілер, пікірталас және топтық жұмысқа арналған тапсырмалар дайындауға көмектеседі.

Мақсаты:

Сабақты интерактивті және қызықты ету;

Оқушылардың белсенді қатысуын арттыру;

Мұғалімнің уақытын үнемдеу.

Мысалы: Мұғалім тек тақырыпты енгізеді ("Дұрыс тамақтану" немесе "Квадрат теңдеулер"), ал Curipod автоматты түрде сабақ жоспарын, сұрақтар мен талқылау слайдтарын жасайды.

Практикалық бөлім

1-тапсырма:
Curipod-қа тіркелу және интерфейспен танысу

https://curipod.com сайтына кіру

Google аккаунт арқылы тіркелу

«Create lesson» батырмасын басып, ЖИ көмегімен сабақ құрастыру

2-тапсырма:
ЖИ арқылы сабақ құрастыру

Тақырып енгізу: мысалы, Сәуле және кесінді немесе Kazakhstans Independence Day

Curipod автоматты түрде слайдтар, сұрақтар мен тапсырмалар ұсынады

Қатысушылар өздері құрастырған сабақтарын көрсетеді

  • тапсырма:

Интерактивті сабақ жүргізу

Қатысушылар бір-бірінің сабағына қосылып, жауап береді

Нәтижені талқылау

 

Презентация немесе қысқа видео таныстырылым:

Gemini Storybook (кейде Gemini Storyboard деп те аталады)-Google Gemini жасанды интеллектінің көмегімен сабаққа арналған визуалды, мәтіндік және мультимедиалық мазмұн құруға арналған құрал. Ол мұғалімге немесе оқушыға оқу тақырыбы бойынша оқиға, сценарий, суреттер мен иллюстрациялар жасауға мүмкіндік береді.

Мақсаты:

  • Көрнекілік пен шығармашылықты арттыру;
  • Күрделі ұғымдарды әңгіме, комикс немесе көрініс арқылы түсіндіру;
  • Әңгімелеу арқылы оқыту (storytelling) тәсілін дамыту.

Gemini-Google компаниясының жаңа буынды жасанды интеллект моделі.

Storybook-Gemini негізінде жұмыс істейтін қосымша, ол мәтін, иллюстрация, және кейіпкерлермен интерактивті оқиғалар құруға мүмкіндік береді.

Мүмкіндіктері:

  • Тақырып немесе идея бойынша автоматты түрде иллюстрациялы әңгіме генерациялайды.
  • Диалог түрінде оқушыны оқиғаға қатыстыруға болады.
  • Мәтін мазмұнын оқу, талдау және визуалдауға ыңғайлы.
  • Әдебиет, тарих, тіл, информатика сабақтарына интеграциялауға болады.

Мысал: «ЖИ-ға сұрау жіберу: “Бастауыш сынып оқушыларына арналған табиғатты қорғау туралы қысқа ертегі құрастыр”»
→ Gemini автоматты түрде иллюстрациясы бар Storybook шығарады.

Практикалық бөлім (25 мин)

1-тапсырма:

Тіркелу және интерфейспен танысу (5 мин)

https://gemini.google.com сайтына кіру.

Google аккаунт арқылы кіру.

Storybook бетіне өту (мысалы, Gemini Storybook Extension немесе Labs бөлімінен).

2-тапсырма:

Storybook құрастыру (15 мин)

Қатысушыларға тапсырма беріледі:

«Сыныбыңыздың пәніне сай шағын интерактивті әңгіме немесе оқиға жазыңыз.»

Мысалдар:

Қазақ тілі пәні: «Жіктік жалғау елінде» атты әңгіме

Тарих пәні: «Тәуелсіздік тарихына саяхат» Storybook

Математика пәні: «Сандар патшалығына саяхат» интерактивті ертегі

Gemini автоматты түрде иллюстрациялар мен кейіпкерлерді ұсынады.

3-тапсырма:

Нәтижені көрсету және талдау (5 мин)

Әр қатысушы өз Storybook жобасын экранда көрсетіп, қысқаша түсіндіреді.

Коучинг соңында қатысушыларға "Gemini Storybook пайдалану бойынша нұсқаулық" (қадамдық скриншоттармен PDF форматта) тарату ұсынылады.

 

 Қорытынды:

Curipod және Gemini Storybook-жасанды интеллект арқылы оқытудың сапасын арттыруға, сабақ уақытын тиімді ұйымдастыруға және оқушылардың қызығушылығын оятуға арналған инновациялық құралдар. Бұл платформалар мұғалімнің рөлін жеңілдетіп, шығармашылық пен ынталандыруға жол ашады.