ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОСПАРЫ
2025-2026 оқу жылы
Мақсаты:
Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектеп арасындағы оқу-тәрбие үдерісінің бірізділігін, сабақтастығын қамтамасыз ету, баланың мектеп өміріне бейімделуін жеңілдету.
Міндеттері:
- Мектепке дейінгі және бастауыш буын педагогтарының өзара әдістемелік байланысын нығайту;
- Мектепке дейінгі білім беру мазмұны мен бастауыш білім беру мазмұнының сәйкестігін талдау;
- Балалардың мектепке психологиялық және әлеуметтік тұрғыда дайын болуын қамтамасыз ету;
- Оқу бағдарламалары мен әдістемелердің үйлесімділігін қарастыру
Күтілетін нәтиже:
- Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мазмұнының өзара байланысы қамтамасыз етіледі;
- Тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби ынтымақтастығы нығаяды;
- Балалардың мектепке бейімделу деңгейі жоғарылайды;
- Бірлескен әдістемелік кеңістіктің негізі қаланады
Оқу-тәрбие үдерісінің сабақтастығын қамтамасыз ету жоспары
|
№ |
Іс-шара мазмұны |
мақсаты |
мерзімі |
жауаптылар |
нәтиже |
|
1 |
Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп әкімшіліктері арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасау |
Ұйымдастырушылық негізін қалыптастыру |
Директор, әдіскер, тәрбиешілер, бастауыш сынып мұғалімдері |
Қыркүйек |
Бірлескен іс-қимыл жоспары бекітіледі |
|
2 |
Бірлескен әдістемелік кеңес өткізу: «Білім мазмұнының сабақтастығы» |
Оқу бағдарламаларының сәйкестігін талдау |
Әдіскер, педагогтер |
Қазан |
Ортақ ұсыныстар әзірленеді |
|
3 |
«Жапырақ сыбдыры мен сән сырлары» Фото байқау |
Эстетикалық талғамын қалыптастыру |
Тәрбиешілер, 1-сынып мұғалімдері |
қазан |
Фото суреттер |
|
4 |
«Күздің көркем келбеті» күз кереметтерінен көрме /жеміс-жидек, көкөністерден/ |
Эстетикалық талғамын қалыптастыру |
Тәрбиешілер, МАД жетекшісі, 1-сынып мұғалімдері |
қазан |
Эстетикалық талғамға сәйкес көрме өткізіледі |
|
5 |
Ашық есік апталығы: «Болашақ бірінші сынып оқушылары мектепте» |
Балаларды мектеп ортасына бейімдеу |
Тәрбиешілер, 1-сынып мұғалімдері |
қараша |
Балалардың мектепке қызығушылығы артады |
|
6 |
Алғашқы психологиялық әңгімелесу. «Семаго» әдістемесі . Мектеп психологының, әлеуметтік педагогтің қатысуымен бейімделу тренингі |
Мектепке дейінгі жастағы балалардың эмоционалды дайындықтарын анықтау |
Психолог, Әлеуметтік педагог |
Қыркүйек-желтоқсан |
Диагностикалық карта толтырылады |
|
7 |
«Бейімделу жаңа ортаға үйлесудің кілті» тренинг |
Мектепке дейінгі жастағы балалардың эмоционалды дайындықтарын анықтау |
Психолог, Әлеуметтік педагог |
Желтоқсан |
Хаттама |
|
8 |
1-сынып оқушыларының бейімделу деңгейін мониторингтеу |
Сабақтастық нәтижесін бағалау |
1-сынып мұғалімдері, психолог |
Қаңтар |
Аналитикалық есеп |
|
9 |
«Ертегілер әлемінде» ертегісінің театрландырылған қойылымы |
|
МАД жетекшісі, ата-аналары |
қаңтар |
Шығармашылық жұмыс |
|
10 |
Тәрбиешілер мен мұғалімдер үшін шеберлік сағаты: «Оқу-тәрбие үдерісіндегі белсенді әдістер сабақтастығы» |
Әдіс-тәсілдердің бірізділігін қамтамасыз ету |
Әдіскер, педагогтар |
Ақпан |
Ортақ әдістемелік банк құрылады |
|
11 |
«Мектепалды даярлық пен бастауыш буын сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел |
Өзара тәжірибе алмасу |
Әдіскерлер, педагогтер |
Наурыз |
Бірлескен ұсынымдар жинағы |
|
12 |
Ұлттық ойын – ұлт қазынасы Спорттық ойын |
Ұлттық ойынды насихаттау |
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері,тәрбиешіліер, сынып жетекшілер |
Наурыз |
Балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылығы артады |
|
13 |
«Толағай» отбасылық спорт жарысы |
Балалардың дене бітімі дұрыс жетілу үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру,салауатты өмір салтын қалыптастыру |
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері,тәрбиешіліер, сынып жетекшілер. |
сәуір |
Балалардың спортқа деген қызығушылығы артады |
|
14 |
«Көктем келді, құс келді» құстарға арналған ұя жасау бірлескен |
Құстар туралы түсініктерін жетілдіру.Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыта отырып,ұя жасауды үйрету |
Технология пәні мұғалімдері. Тәрбиешілер Сынып жетекшілер |
сәуір |
Эстетикалық талғамға сәйкес көрме |
|
15 |
Ұшқыр ой алаңы |
Білім сайысы |
Тәрбиешілер Сынып жетекшілер |
Мамыр |
Интеллектуалдық ойын |
|
16 |
«Табиғатты тану» /табиғат аясына топ серуен/ |
Балаларды қоршаған әлемді сезінуге және тануға деген қызығушылығын арттыру |
Тәрбиешілер Сынып жетекшілер |
мамыр |
Аналитикалық есеп |
|
17 |
Балаларды мектепке қабылдау алдындағы дайындық фестивалі («Мен мектепке барамын!») |
Балалардың білім мен дағдысын көрсету |
Мектеп, балабақша |
Мамыр |
Шығармашылық жұмыстар көрмесі |






