Кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес ”Мамандық — бір шешім, өмір бойғы қызмет” тақырыбында танымдық пікірталас ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың мамандық таңдаудағы көзқарасын қалыптастыру, ой еркіндігін дамыту, болашаққа деген жауапкершілік сезімін ояту болды. Пікірталасқа 9 “А” және 9 “Ә” сынып оқушыларынан құралған “Болашақ” және “Мүмкіндік” топтары белсене қатысып, өз ой-пікірлерін дәлелдеуде тапқырлық, шешендік, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін көрсетті. Оқушылар мамандық таңдаудағы маңыздылық, қоғамға қажеттілік, сұранысқа ие болу, тұлғалық бейімділік сынды тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Қазылар алқасының шешімімен: - “Мүмкіндік” тобы І дәрежелі Мадақтамаға, - “Болашақ” тобы ІІ дәрежелі Мадақтамаға ие болды. Іс-шара оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беру бағытында маңызды тәжірибе болды. Ұйымдастырушылар: педагог-кәсіби бағдар беруші: Жайлханова Ү.О, “Рух” дебат үйірмесінің жетекшісі Диярова А.А