Ағымдағы жылдың 17- ші қазан күні 7 "А" , "Ә" сынып білім алушыларының арасында "Өзіме де,өзгеге де жауаптымын" тақырыбында тимбилдинг ойыны ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың өзіне және өзгеге деген жауапкершілігін арттыру, жасаған іс-әрекетінің нәтижесін түсіну, айналасына құрметпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Тимбилдинг шарасының ашылу сәтін директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Б.Куркембаева шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.Тимбилдинг ойынына бес топ қатысып, аталған мамандардың тапсырмаларын талапқа сай орындады. Атап айтсақ;
Психологиялық қолдау кабинетінде "Жауапкершілік - табыстың кілті" тақырыбында тапсырма берілді.
"Бірлік күшіміз, жеңіс нышанымыз" тақырыбында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің тапсырмаларын ойын қатысушылары қызығушылықпен орындады.
"Кітапхана қызметкері "Білім мен мейірім жолында жауаптымын" тақырыбында білімге қатысты тапсырмалар беріп, білім алушылардың қабілеттерін шыңдады.
Мектеп мәжіліс залында музыка пәнінің мұғалімі "Әуенді тап" атты қызықты музыкалық тапсырмаларды беріп, музыкалық сауаттарын арттыра отырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Тимбилдинг ойынына қатысушы топтар әр сала бойынша төрт кезеңнен өтіп, тапсырмаларды белсенділікпен орындап, жүлделі орындарды иеленді.
https://sh45-aktobe.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/mekteptegi-psihologiya/238-zime-de-zgege-de-zhauaptymyn.html#sigFreeId1240cbf887






