Мақсаты: Оқушыларды емтихан кезінде өзін-өзі дұрыс басқаруға, уайым мен қобалжуды жеңуге, өз білімін сенімді және тиімді көрсетуге үйрету.

Қатысушылар: 11 класс білім алушылары

Емтихан-оқушының білім деңгейін, дағдысын және ойлау қабілетін бағалаудың маңызды кезеңі. Емтихан кезінде оқушының іс-әрекеті бірнеше кезеңнен тұрады:

Дайындық кезеңі: Оқушы емтихан алдында материалды қайталап, өзіне сенімді болуға тырысады. Уақытты дұрыс жоспарлау, ұйқы мен демалыс тәртібін сақтау маңызды.

Психологиялық дайындық:

  • Өз-өзіне сенімділік пен тыныштық сақтау керек. Терең тыныс алу, оң ой қалыптастыру, «мен қолымнан бәрі келеді» деген сенім көмектеседі.
  • Емтихан барысындағы іс-әрекет:
  • Нұсқаулықты мұқият оқу;
  • Уақытты дұрыс бөлу;
  • Алдымен жеңіл сұрақтардан бастау;
  • Қиын тапсырмаларда сабыр сақтау.
  • Емтиханнан кейінгі кезең:
  • Өз іс-әрекетіне талдау жасап, тәжірибе жинақтау.

Мандала әдісі: Оқушылардың ішкі жан дүниесін үйлестіру, эмоциялық тұрақтылықты дамыту және өзін-өзі тануға мүмкіндік беру.

Қосымша түрде:

  • Шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту;
  • Ішкі күйзеліс пен уайымды жеңілдету;
  • Зейінді, шыдамдылық пен ұқыптылықты арттыру;
  • Өз эмоциясын бейнелеу арқылы ішкі тепе-теңдікке жетуге көмектесу.

Қорытынды:

Емтихандағы табыстың кілті-жүйелі дайындық, өзін-өзі басқару және сабырлылық.