«Із кезуші» ойыны (следопыт)
Мақсаты:
- 5 класс оқушыларының орта буынға сәтті бейімделуі;
- Топта жұмыс жасауға дағдыландыру;
- Қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
- Эмоционалдық жәй-күйін көтеру

Өткізілген уақыты: 08.10.2025
Бағыты: түзете-дамыту
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ- жауап, тренинг, кеңес беру
Класс: 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б»
Қатысқан оқушылар саны: 59

08.10.25 күні психологиялық акция аясында «Із кесуші» ойыны өтті. Ойынға үш кластың да бесінші класс оқушылары қатысты. Ең алдымен оқушыларға ойын ережесі мен тәртібі таныстырылып, команда басшысы тағайындалып, команда басшылары сұрақтар жазылған парақты таңдап алды. Әр класс өзінің командаларының атауларын және ұрандарын ойлап тапты. Мектеп өміріне, ережелеріне, ерекшелігіне байланысты оқушыларға 3 топқа әр түрлі сұрақтар берілді. Бір 10 мин қоңырау уақытында әр команда сұрақтардың жауабын іздеді. Сұрақтар жауабын тауып белгілеп, қажетті әкімшілік мамандармен де фотоға түсті. Оқушылар ойынға қызығушылық танытып, белсенді болды. Белсенділік танытқан оқушыларға ойын соңында алғыс білдірілді.