2025 жылдың 08 қазан күні “№45 жалпы білім беретін орта мектеп” КММ-де Тәрбие бөлімі мен әлеуметтік педагогтың бірлескен жұмыс жоспары аясында “Күзгі асар” тақырыбында мектепішілік жәрмеңкенің екінші кезеңі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 1 а,ә, 4а,ә,8,9а,ә,10а,ә,11 сыныптар қатысып, күзгі өнімдерден жасалатын тағамдар, кондитерлік өнімдер, компот, сусындар мен тәттілер сатылды. Бастауыш сынып білім алушыларының ата-аналары мен жоғары сыныптың білім алушылары зор үлестерін қосып,белсенділік танытты. Жәрмеңкеден түскен қаражат “Қамқорлық” фракциясының жоспар бойынша ұйымдастыратын қайырымдылық шарасына жұмсалады. Жәрмеңкеге атсалысып қатысқан ата-аналар мен білім алушыларға мектеп әкімшілік атынан шексіз алғыс білдіреміз.