«Оқуға құштар мектеп» және «Балалар кітапханасы» жобасы аясында қазақтың мақал мәтелдері тақырыбында әдеби ринг 5а,5ә,5б сыныптары арасында өткізілді. Халықтың ой толғамы, өмір сабағы мен өсиеті осы бір қысқа да терең сөздерде жатыр. Мақал мен мәтел халықтың асыл мұрасы. Мақал түйінді ойды нақылмен түйіндесе, Мәтел бейнелі сөзбен ой салады. Екеуі де адамгершілікке, еңбекке, білімге үндейді. Мақал өмірдің айнасы, мәтел сөздің сәні. Халық ауыз әдебиетінің інжу маржаны саналатын мақал мәтелдер ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы.






