«Кітап – білім бұлағы» Бүгін 1 «Ә» сыныбында осы тақырыпта сынып сағаты өтті! Оқушылар кітаптың тарихымен танысып, оны күтіп ұстау ережелерін үйренді. Әрқайсысы өз ойларын сурет арқылы бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сабақ соңында балалар кітапханаға барып, өздеріне ұнаған ертегі кітап таңдап алып, мектеп ауласында мұғалімнің оқуымен ертегі тыңдап, ерекше әсер алды. Кітап – ең сенімді дос, ең ақылды ұстаз. Сынып жетекші: Рүстемова Т.Е






