Ағымдағы жылдың 10-шы қыркүйек күні 2025-2026 оқу жылының №1 жалпы ата- аналар жиналысы "№45 жалпы білім беретін орта мектеп"КММ-де "Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп" тақырыбында өтті. Жалпы ата-аналар жиналысына мектеп әкімшілігі, мектеп ұстаздары, мектеп медбикесі , Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.А.Куркембаев, ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Сатиева және ата-аналар қатысты. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Б.Куркембаева жиналыс президиумымен және күн тәртібімен таныстырды. 2025-2026 оқу жылына ата- аналарға сәттілік тілеп, мектептің жаңа оқу жылына дайындығы, 2025-2026 оқу жылының жұмыс жасау ерекшелігі мен оқу тәрбие саласындағы өзгерістері туралы мектеп директоры Нұргүл Жолмырзақызы Байниязова тоқталды. Мектеп директоры ата- аналарға үштік одақ байланысын нығайтып, “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жұмысты бірлесе жандандырып, бала тәрбиесіне ортақ мән беруді ұсынды . 2024-2025 оқу жылының қорытындысы, жаңа оқу жылындағы мектеп контингенті , педагогикалық кадр, жұмыс жасау бағыты туралы және МАД тобының ашылуы жөнінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары С.С.Махашова сөйледі."Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана , қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп тақырыбында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Б.Куркембаева толық тоқталды.Адал азамат тәрбиелеу үшін: Ата-ана жауапкершілікті сезініп,өнеге көрсетеді,ал ұстаз оны қолдап,бағыт береді.Мектеп-қауіпсіз ,әрі әділ орта құрады, үшеуінің үйлесімі ғана ел болашағына адал,әділ,жауапты азамат қалыптастыратынын атап өтті.