Оқушылар арасында мейірімділік, қамқорлық және еріктілік құндылықтарын қалыптастыру, қоғамға пайдалы істерге жұмылдыру арқылы әлеуметтік жауапкершілік сезімін дамыту. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Адал азамат» бағыты негізінде «Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызметі жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Жоба аясында «Қамқор» еріктілер тобы құрылып, мектеп оқушылары мен педагогикалық ұжым арасында ізгі істер мәдениетін насихаттау, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоршаған ортаға қамқор болу бағытында бірқатар игі шаралар атқарылды. «Мейірімді жүрек» акциясы – көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік және киім-кешекпен көмек көрсету; «Қарияға құрмет – ұрпаққа өнеге» еріктілер кездесуі – ауыл ардагерлеріне көмек көрсету, үй шаруасына жәрдемдесу; «Жақсылық жаса!» челленджі – оқушылардың шағын қайырымдылық істерін әлеуметтік желілерде насихаттау;