Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні мектебімізде «Денсаулық фестивалі – 2025» өтті
Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануын насихаттау мақсатында «Денсаулық фестивалі – 2025» ұйымдастырылды. Шараға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және барлық сынып оқушылары белсене қатысты.
Фестиваль ұжымдық таңғы жаттығумен басталды. Оқушылар сергітетін би қозғалыстарын орындап, көңіл-күйлері көтерілді. Сонымен қатар, спорттық эстафеталар, жүгіру, секіру, арқан тарту, футбол және гимнастикалық жаттығулар өткізілді.
Оқушылардың бойында спортқа деген қызығушылығын арттырып, денсаулықтың баға жетпес қазына екенін түсіндіреді. Денсаулық – басты байлық екенін әрбір оқушы сезініп қайтты.
View the embedded image gallery online at:
https://sh45-aktobe.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/179-a-ymda-y-zhyldy-8-yrk-jek-k-ni-mektebimizde-densauly-festivali-2025-tti.html#sigFreeId166256190e






