Бүгін , мектебімізде “Мектебім – мейірім мекені” атты 1–11 сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты шараны  мектеп директоры Нұргүл Жолмырзақызы білім күнімен құттықтау сөзімен  ашты. Барша ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Саягүл Сериевна 2025-2026 оқу жылының басталу бұйрығымен таныстырды.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Куркембаев Базарбай Ахметұлы мен ардагер ұстаз Джалмағанбетова Дәмегүл Тайшықызы шәкірттерге жүрекжарды ақ тілегін арнады.

Биылғы жыл атаулы күндерге толы жыл. Соның ішінде Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай білім алушылар ақынның өлең жолдарын сахналап, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ә.Т. Әмиядинов ақынның образын сомдап, білімге шақырып, әсем көрініспен көрермен ілтипатын алды

Балғын бүлдіршіндер үшін бұл күн – білімге бастар алғашқы қадам болса,

Ал түлектер үшін – мектеп қабырғасындағы соңғы оқу жылының бастау алар айрықша сәті. Түлек пен бүлдіршіндер арасындағы диалог пен ұстаздардың мектеппен таныстыру сәті, 1 сынып өлең шумақтары мен әндері әсерлі болды.

Алғашқы қоңырау салтанатты соғылып, мектеп гимні шырқалды.

Жаңа оқу жылы әр шәкіртке білім мен биік жетістік, ұстаздарға қажымас күш-қуат әкелсін!