Қаңтар айының 31-і күні мектебімізде 2-4 сынып оқушылары арасында Республикалық “Бастау” олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, математикадан оқушылардың білімін тереңдету және кеңейту, қалалық кезеңге қатысушы оқушыларды анықтау.
Олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 16 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 3 оқушы қалалық кезеңге қатысуға жолдама алды:
Бауржанов Алишер - 2 “Ә” сыныбы, жетекшісі: Кендебайқызы А.
Серікқали Еркеназ - 3 “Ә” сыныбы, жетекшісі: Тажиева Ш.С.
Ахметқали Гүлназым - 4 “Б” сыныбы, жетекшісі: Кушмагамбетова Г.З.






