Дабыл естілген кезде мектеп мұғалімдері, кіші қызметкерлері мен оқушылары мекеме ғимаратынан қауіпсіз орынға шығарылды.
Жаттығулар аясында келесі мәселелер қамтылды:
- мектеп персоналына, оның ішінде күзет ұйымдарына алгоритмдерге
(іс-қимылдар мен міндеттерге) сәйкес нұсқама берілді;
- алгоритмдерге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқау берілді;
- қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау ұйымдастырылды;
- техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуі, сондай-ақ дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуі тексерілді.
Оқу-жаттығуларын өткізу барысында оқушылардың өмір қауіпсіздігі басты назарға алынды, оқу-жаттығудың дұрыс ұйымдастырылды.
АӘТД пәні мұғалімі Ахмет Тілек Базарбайұлы







