2023-2024 оқу жылында “Сымбат” қыздар клубының ұйымдастыруымен 5-11 сыныптар арасында “Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі” тақырыбында жалпы қыздар жиналысы өтті.
Сымбат қыздар клубы– халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, әсемдікке тәрбиелеуді мақсат етеді.
Клубтың мақсаты: -қыз баланы қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты түсінуге, өнерге, мәдениетке, өткен тарихымызды білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
-мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру. Қыз
бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың болашағы және үлкен
жауапкершіліктің тұрғандығын ұғындыру;
-әдеп пен сыпайылық, инабаттылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен
сусындату;
-үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеу.







