«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ
«№45 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ.
"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ «№45 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тәлімгер, Алғашқы әскери даярлық жетекшісі , бастауыш класс мұғалімі (бала бағу/демалысындағы) бойынша мұғалімнің бос орнына бос /бала бағу демалысындағы/ педагогтың орнына 1-жыл жұмыс мерзіміне қабылдауға конкурс жариялайды.
Мекеме атауы: "Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ, «№45 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері:
Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Ақжар-2 елді мекені, Қ.Мухамедханов көшесі 20 үй.
Эл.поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Телефон номері: 8/7132/ 74-91-12, 8-778-271-06-16
Негізгі фунционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және уақытша бос лауазымның атауы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен ( өзгерісі 31.03.2022ж.№ 121) бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3- тарау 7-параграф, 64 тармақ барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері:
- Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім.
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде біліктілік санаттары: «педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер».
Еңбек ақы мөлшері: 100000 (жүз мың) теңге
Бос орын атауы:
Алғашқы әскери даярлық жетекшісі
Тәлімгер
Бастауыш класс мұғалімі
Уақытша қабылдау мерзімі: 1-жыл
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18 тамыз- 23 тамыз 2022жыл.( хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы №57 бұйрығы, 3 т. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі 107 т. конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлерге
Қажетті құжаттар:
- осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Құжаттарды тапсыратын орын: Қабылдау бөлмесі.
Хабарландыру мектептің интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланды: http://aktobe-sh45.edu.kz; sh45aqzhar; www.enbek.kz;
Мектеп әкімшілігі






