"САБАҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫ" ашық сабақтар фестивалі 🗓️22 қараша 🔰Қазақ тілі 🔰Сыныбы: 8《Ә》 🔰Пән мұғалімі: Махашова Саягүл Серіқызы ✍️Тақырыбы: Мамандық .Жаңа заман мамандықтары. Оқу мақсаты: Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.Сөздік қор мен сөздік құрамның ерекшелігін меңгерту. Сынып оқушылары төрт командада топтық,жұптық,жеке жұмыстар орындады. 📕 Мәтіндегі негізгі ойды 5 сөйлеммен жеткізу; 📗 Кластер әдісі:"Мамандық" 📘 "Рафт әдісі"-Сату менеджері 📙 Мәтіндегі жаңа сөз тудырып тұрған сөздерді табу. Сергіту сәтінде логикалық сұрақтарға жауап берді. 📝Сабақты бекітуде "Фишбоун әдісі"бойынша "Жастардың жұмысқа тұру мәселесі туралы себептер мен дәлелдер айтылды. 🪄Қорытынды бөлімде оқушылар өздері таңдаған геометриялық фигуралары бойынша "Сіз қай мамандыққа лайықтысыз?"психологиялық зерттеу бейнебаянында өз ойларының сәйкестіктерін таразылады. 📌Бағалау: Әр командадағы оқушылар "Бағалау парақтарына" Өз балдарын қойды. 📚Білім мен біліктері,дағдылары мен икемділік,қарым-қабілеттері шыңдалған сабақ болды.