Мектебімізде қараша айының 24-ші жұлдызында 💫 “Отбасы- бақыт мекені” атты бақытты адам тәрбиелеу мақсатында , ата-аналардың педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында ✨“Әже өнегесі-ұрпаққа ұлағат” атты әжелер мектебінің шарасы өтті. 🔸Шараға мектеп әжелері, әжелер ансамбль мүшелері, мектеп ұстаздары, оқушылар мен ата-аналар қатысты . 📝Мақсаты: Немересін жырмен жұбатып, әнмен әлдилеп, ертегімен еліткен. Өсиеті мен тәлім тәрбиенің нәрін бала бойына сіңіре білген асыл әжелермен сұхбаттасып, ақыл мен кеңес, өсиет пен бата алу. ✨Шара барысында ақ жаулықты әжелеріміз кейінгі ұрпаққа ырым мен тиым сөздерді айтып, ой бөлісіп , әсем әнмен жалғап отырды. Шебер әжелеріміз қазақтың ертеден келе жатырған қол өнерін көрсетіп , қазіргі таңда сол өнерді насихаттап , біздің балалардың қызығушылықтарын арттырды. 💫Әжелерге сұрақ-жауап қойылып, сөз соңында бата берілді.







