Ағымдағы жылдың 1️⃣0️⃣ қараша күні “Өзіңе және өзгеге жақсылық жаса” жобасы аясында “Мектеп мейірбандық мекені” тақырыбында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
✨Мақсаты: Оқушылар бойына ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттерді дарыту, риясыз мейірімді болуға үйрету.
✨Бұл қайырымдылық мектебіміздің оқушысы Мұқанбетәли Әминнің Германия еліне кезекті 4 отасына жиналды!💴💴💴
💶Қаражат соммасы 761531 тг болды, жиналған сомманы Әминнің анасына табысталып, жеке шотына аударылды.
✨Қайырымдылық жәрмеңкесіне барша үлес қосқан мектеп ата- аналарына, оқушыларына, ұстаздарына алғысымызды білдіреміз! Соның ішінде үлкен қаражатты жинаған Әмин балақайдың класының оқушыларының ата- аналарына және мектебіміздің түлектері 11 класс оқушыларының ата- аналарына, жекелей өз отбасы атынан үлес қосқан барша ата- аналарға мың алғыс!🙌
“Қайырымдылық- игі іс! “, қайырымды, игі істеріміз көп болсын!🙌
✨Ұйымдастырушылар 8 кластың класс жетекшілері мен мектеп педагог- психологтары.







