”Олимпиада-2023” 🔰Мектебімізде 11 қараша күні 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың І мектепішілік кезеңі өткізілді. 🔸Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, Республикалық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау. 🔸Олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары арасынан 45 оқушы қатысты. 🔸Олимпиада қоғамдық-гуманитарлық бағыт (қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, құқық, тарих пәндері) және жаратылыстану-математикалық бағыт ( математика, информатика, физика, химия, биология, география пәндері) бойынша өткізілді. 🔸Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көркеткен оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды.







