Қазан айында жоспарға сай мектеп психологтары 1 класс оқушыларынан мектепке бейімделуіне ”Симаго” әдістемесін, ”Алғашқы психологиялық бақылау” әңгімелесу әрбір оқушымен жеке сұрақ- жауап бойынша жүргізіліп зерттелінді. 5 класс оқушыларынан орта буынға бейімделуіне оқушының күшті жақтары мен қиындықтарын зерттеуге ”Р.Гудман” әдістемесі, Оқу мотивациясын анықтауға Н.Г.Лусканова, Кіші және орта жастағы балаларда болатын мазасыздықтың түрін және деңгейін зерттеу мақсатында “Филипс” тесті алынып нәтижесі шығарылды. Барлық методика, тесттер нәтижесі шығарылып, класс жетекшілеріне таныстырылды. Қажетті ұсыныс кеңестер берілді. Алдағы күзгі демалыс уақытында 1, 5 класс оқушыларының бейімделуіне ”Педагогикалық консилум” жүргізілетін болады.