2023 жылғы 28 қыркүйекте қала мектептерінің Ұланбасыларына арналған «Стоп, игромания» атты  кездесу өткізілді. Кездесуге мектебіміздің ұланбасы Бақытдәулетова Бақытнұр  қатысты. Кездесуге ҚОС психологі  Ә.Мәжитова шақырылды. 📝Кездесу мақсаты: оқушыларға  құмар ойынның бар кемшіліктерін түсіндіру, құмар ойындарға  деген теріс көзқарасты қалыптастыру. Ойын тәуелділігі, құмар ойынның зардабы туралы әңгіме жүргізілді. Психолог пен педагог- ұйымдастырушы  кеңестер беріп, жаттығулар жүргізді. Кездесу пікір алмасу алаңына айналды.