2024-2025 оқу жылының 1-ші жарты жылдығы бойынша әдістемелік жұмыстардың есебі.

Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудағы мектептің миссиясы: «Оқу –тәрбие үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабылетін дамыта отырып, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан тұлға тәрбиелеу»
Әдістемелік тақырыптың  мақсаты:
 -Бейінді білім алуға негіз сала отырып, білім бәсекесіне қабілетті тұлға дайындау;
 -Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында педагог кадрлардың кәсіби біліктілігі мен даярлығын  ұйымдастыру, үйлестіру мен басшылыққа алу.
 Міндеттері:
• Жеке оқушының рухани жаңаруына жағдай жасау;
• Ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімі жоғары жеке тұлға тәрбиелеу;
• Ақпараттық технологияны кеңінен қолданып, оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісіне көптеп енгізу
• Ұжымда шығармашылық жағдай туғызу, деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің коучинг өткізуін ұйымдастыру;
• Мектепішілік бақылауды жүйелі жүргізу арқылы  білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру;
• Ұжымда белсенді кәсіби қарым-қатынас туғызу.
Мектептің миссиясы:
Білім алушылардың бойында қазіргі заманға сай бәсекеге қабілетті, өмірдің түрлі жағдаяттарында жол таба білетін, ұжымда жұмыс істей алатын, өз өзімен үйлесімді өмір сүре алатын рухы биік, жоғары мәдениетті, білімді, рухани бай тұлға қалыптастыру.
Білім берудің әлемдік озық тәжірибелерге сүйеніп әзірленген оқытуда мектеп түлегінен  күтілетін нәтиже негізгі құзырлылықтардың қалыптасуымен айқындалады. Мектеп-үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс-оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол-өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.
 Осыған орай мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамы да осы талаптарға сәйкес болуы шарт. Мектепте жұмыс жасайтын 43 мұғалімнің сапалық құрамы төмендегідей:
Жоғары білімді 41
Арнаулы орта білімді 2
Педагог зерттеуші 15
Педагог сарапшы 7
Педагог модератор 10
Санатсыз 11
Барлығы 43
Педагогтер сапалық үлесі 51,1
  
Мектепте төрт бірлестік жұмыс жасайды. Гуманитарлық пәндер бірлестігінде -13 мұғалім, жаратылыстану пәндер бірлестігінде -11, бастауыш пәндер бірлестігінде -12, эстетикалық пәндер бірлестігінде- 7
Қазан айында «Педагогтің кәсіби дамуындағы маңызды тәсілдер» тақырыбында мектепішілік педагогтерге арналған коучингті А.Абылайқызы мен А.Ермаханова өткізді. 
      
Әдістемелік онкүндіктердің өтуі туралы
2024 жылдың 18-29 қараша аралығында гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өтті.
Іс-шаралардың мақсаты-оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік секілді адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, олардың білімге деген ынтасын арттырып, ұлттық және мәдени құндылықтарға құрметпен қарауға баулу болды.
Онкүндік аясында әртүрлі бағыттағы 22 іс-шара мен сабақтар өткізілді. Әр шараның тақырыбы мен мазмұны оқушылардың жас ерекшелігіне және пәндердің мақсатына сәйкес ұйымдастырылды.
18.11.2024 күні  апталықтың ашылуы өтті.
Шара барысында оқушылар ерекше қойылым қойып, үш тілде өлең оқып, көрермендерді тәнті етті. Бұл қойылым мен өлеңдер гуманитарлық пәндердің маңыздылығын, көптілділіктің және мәдениеттің баға жетпес құндылықтарын көрсетуге бағытталды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, тілдерді меңгеру мен мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыруға үлкен мүмкіндік туғызады.
19.11.2024 ж. күні
1. «Алдаркөсе-халық батыры» (4 «Б» сынып)
Оқушыларға қазақтың халық ауыз әдебиеті мен ұлттық батырлық эпостары туралы мәлімет берілді. Алдаркөсе бейнесінің әділдік пен тапқырлық символы екені түсіндірілді.
2. «Ы.Алтынсарин "Қыпшақ Сейітқұл". Сейітқұл – еңбек адамы» (5 «Ә» сынып)
Ы.Алтынсариннің еңбегі арқылы адал еңбек пен табандылықтың маңыздылығы көрсетілді.
3. «Telling the time» (5 «Б» сынып)
Ағылшын тілін меңгеру сабағында уақытты айту мен анықтауға үйрету мақсатында интерактивті әдістер қолданылды.
20.11.2024 ж. күні
1. «Тарихи мұраларды қорғау: жауапкершілік пен қоғамдағы құндылықтар» кездесу кеші (9-11 сыныптар)
Тарихи-мәдени мұраны сақтау және қорғау мәселелері талқыланып, оқушыларға мәдени құндылықтардың маңызы түсіндірілді.
2. «Кавказский пленник. Характеристика героев» (7 «Ә» сынып)
Әдеби сабақта Лермонтов шығармасындағы кейіпкерлердің бейнесі жан-жақты талданды.
21.11.2024 ж. күні 
1. “Past Perfect” (8 «А» сынып)
Ағылшын тіліндегі грамматикалық уақыт формасын оқушылар интерактивті ойындар арқылы меңгерді.
2. «Қазақ қоғамындағы ру-тайпалық құрылымның қалыптасуы» (10 «А» сынып)
Қазақ халқының этникалық құрылымы туралы маңызды тарихи мәліметтер баяндалды.
3. «Across cultures: My amazing travels» (7 «А» сынып)
Әртүрлі елдердің мәдениеті мен саяхат тақырыбындағы қызықты фактілер оқушылардың қызығушылығын оятты.
22.11.2024 ж. күні
1. «Б.Мұқай "Өмірзая" романының тарихи құндылығы» (11 сынып)
Әдеби сабақта тарихи және философиялық мәселелерді түсіну арқылы әдеби шығарманы терең талдауға мүмкіндік жасалды.
2. «Сарыарқа толғауы» (8 «Ә» сынып)
Қазақ әдебиетінің поэтикалық мұралары оқушыларға ұлттық рухани құндылықтарды танытты.
3. «Our planet’s treasure» (4 «А» сынып)
Табиғатты қорғау туралы мағлұматтар беріліп, экологиялық сауаттылық арттырылды.
25-28.11.2024 ж. күні
1. “Книга памяти” (9 «А» сынып)
М.Шахановтың шығармасы арқылы ұлттық сананы арттыруға басымдық берілді.
2. “English video time” (8-10 сыныптар)
Ағылшын тілінде қысқаметражды фильмдер көріп, талқылау барысында коммуникативті дағдылар дамытылды.
3. “Соқпақбаев әлемі” театрландырылған қойылым (5-6 сыныптар)
Театрландырылған көрініс арқылы әдеби кейіпкерлердің өмірі сахналанды.
4. “Үш бәйтерек-үш ғұмыр” әдеби кеші (5-11 сыныптар)
С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай шығармашылық кеш ұйымдастырылды.
29.11.2024 ж. күні
1. «Каюм Мухамедханов-символ национальной духовности» конференциясы (9-11 сыныптар)
Қазақ руханиятының дамуына үлес қосқан ғалымның еңбектері талқыланды.
2. Апталықтың жабылуы
Оқушылардың барлық іс-шараларға қатысу белсенділігі атап өтіліп, нәтижелер қорытындыланды.


Онкүндік аясында өткізілген шаралар оқушылардың білімге, еңбекке және әділдікке деген қызығушылығын арттырды. Сабақтар мен шаралар олардың рухани дамуына, жауапкершілік пен адалдықты түсінуіне айтарлықтай үлес қосты.

2024-2025 оқу жылы бойынша  бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің «Білім шыңының баспалдағы - бастауыш» тақырыбында онкүндігі өткізілді
2024-2025 оқу жылы бойынша жоспарға сәйкес желтоқсан айының 9-ы мен 20-сы аралығында   бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің «Білім шыңының баспалдағы - бастауыш» тақырыбында онкүндігі өткізілді. 
Мақсаты: Білім алушылардың шығармашылықтарын шыңдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Білім алушылармен сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар жүргізе отырып, білім, білік дағдыларының қалыптасуын дамыту.
Онкүндік барысында бастауыш сынып ұстаздары жоспар бойынша 1-4 сынып білім алушыларымен пән аралық байланыс жүргізе отырып ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізді.
9 желтоқсан күні бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің "Білім шыңының баспалдағы - бастауыш" тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы өткізілді. Ашылу барысында білім алушылар мен ұстаздар өнер көрсетіп, бекітілген жоспармен таныстырды.
Желтоқсанның 9-ы Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндік жоспары аясында Кендебайқызы Алтынай 2-3 сыныптар арасында “Математикалық мозайка” тақырыбында Көңілді үзіліс өтті. Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын, зейінін, көру жадын, жинақтауды, ақпаратты жинай және талдай білуді қалыптастырады.
10 желтоқсан күні жоспарға сәйкес 4 «Б» сыныбының жетекшісі Г.З.Кушмагамбетова әдебиеттік оқу пәнінен «Атакәсіп. Күріш туралы сыр» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Айнұр Аманжолқызы 1, 4 сыныптар арасында «Кім епті?» тақырыбында көңілді үзіліс ұйымдастырды. 2 «А» сыныбының жетекшісі К.Т.Суликанова «Шамалардың мәндерін қосу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
11 желтоқсан күні жоспарға сәйкес 4 «Ә» сыныбының жетекшісі А.С.Мусирова әдебиеттік оқу пәнінен «Өнер-таусылмас азық» тақырыбында ашық сабақ өткізді. А.Ә.Алданова 2,3 сыныптар арасында «Жүрек» әдіс бойынша көңілді үзіліс жүргізді.
12 желтоқсан күні жоспар бойынша 3 сыныбының жетекшісі Г.З.Кушмагамбетова математика пәнінен «1000 көлеміндегі көбейту және бөлу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 2 сынып жетекшілері К.Т.Суликанова және Кендебайқызы Алтынай 2 сыныптар арасында «Әдемі жазу - өнер» атты каллиграфиялық байқау ұйымдастырды. Г.А.Абдуллина 1, 4 сыныптар арасында «Иә, жоқ» тақырыбында көңілді үзіліс жүргізді.
13 желтоқсан күні 4 «А» сыныбының жетекшісі А.А.Жаппарова «Табиғаттағы су айналымы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 3 «Ә» сыныбының жетекшісі Ш.С.Тажиева қазақ тілі пәнінен «Жалаң және жайылма сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 3 «А» сыныбының жетекшісі А.Ә.Алданова әдебиеттік оқу пәнінен «Вавилонның аспалы бағы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. К.Т.Суликанова «Бәйге. Үздік оқу техникасы» тақырыбында көңілді үзіліс ұйымдастырды.
17 желтоқсан күні жоспарға сәйкес жұмыстар ретімен өткізілді. 1 «Ә» сыныбының жетекшісі Г.А.Абдуллина әліппе пәнінен «Ё қосарлы дыбысы және әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. А.Қ.Ешмағамбетова және К.Б.Куркембаева 4 сыныптар арасында «Ой мен ойын» тақырыбында тимбилдинг ұйымдастырды. М.А.Муханбеталина 1, 4 сыныптар арасында «Математикалық фокус» тақырыбында көңілді үзіліс өткізді.
18 желтоқсан күні 4 «Ә» сыныбының жетекшісі А.С.Мусирова «Өнерлі ұрпақ – кемел болашақ» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырып өткізді.  Мақсаты :Оқушыларды өнерді қастерлеуге,үлгі тұтуға үйрету .Ой өрісін дамыту және адамгершілікке тәрбиелеу . 
Білім алушылар өнерлерін ортаға салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Кештің қонағы  "AHASH MEDIA" студиясының директоры Алия Оразайқызы қатысып, шәкірті Муханбеталы Даниярға марапатын табыстады. Балалар Алия Оразайқызына тақырып аясында сұрақтарын қойып, пікір алмасты. 
Ш.С.Тажиева «Кім епті?» тақырыбында 2,3 сыныптар арасында көңілді үзіліс ұйымдастырды.
19 желтоқсан күні 2 «Ә» сыныбының жетекшісі Кендебайқызы Алтынай жаратылыстану пәнінен «Су қандай кездеседі?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 3 сынып жетекшілері Г.З.Кушмагамбетова, Ш.С.Тажиева, А.Ә.Алданова 3 сыныптар арасында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында әдеби кеш өткізді.
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің жоспары аясында желтоқсанның 19-ы күні М.А.Муханбеталина және Г.А.Абдуллина 1 "А", 1 "Ә"  сынып білім алушылары арасында "Ойна да, ойла!" тақырыбында сайыс өтті. 
Мақсаты: Білім алушылардың білімдерін тиянақтау, топтар бойынша сайыс өткізу, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды.
1.Әріптерден сөз құра
2.Дыбыстық талдау жаса
3.Көршісін тап
4.Ондықтарды есептеу
5.Мозайка
Сайыс соңында топтық жұмыстарына талдау жасалып, білім алушылар марапатталды.
20 желтоқсан күні 9.12 - 20.12.2024 ж аралығында жоспарланған Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің "Білім шыңының баспалдағы - бастауыш" тақырыбындағы онкүндіктің жабылуы өткізілді. Жабылу шарасы барысында білім алушылар мен ұстаздар өнер көрсетіп, бекітілген жоспар бойынша өткізілген жұмыстарды қорытындылады.
Бірлестік жетекшісі онкүндікте белсенді болған ұстаздарға,  бастауыш білім алушыларына алғыс білдірді.

 
Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларда  түрлі заманауи платформалар мен әдіс-тәсілдер қолданылды. Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігі жоспарға сай өтіп, өз мақсатына жетті.