Тақырыбы: ҰБТ-ға дайындық стратегиясы
Мақсаты: Оқушыларға емтихан алдындағы қобалжуды жеңуге, өз-өзіне сенімділікті арттыруға және тиімді дайындық стратегияларын меңгерту.
Күні: 09.10.2025 жыл
Қатысқандар: 11-сынып оқушылары
1. Кіріспе бөлім:
Мектеп психологі ҰБТ-әр оқушының өміріндегі маңызды кезең екенін атап өтіп, сабақты мақсатымен таныстырды. 
Балалар, ҰБТ-сендердің өмірлеріңдегі ең жауапты әрі маңызды сәттердің бірі. Бұл тек емтихан емес, өз білімдеріңді, еңбектерің мен төзімділіктеріңді көрсететін мүмкіндік. ҰБТ арқылы сендер болашақ мамандықтарыңды таңдап, армандарыңдағы оқу орнына түсуге жол ашасыңдар. Сондықтан осы кезеңде сенімді болып, уақытыңды дұрыс жоспарлап, жүйелі дайындалу өте маңызды. Әрқайсыңның қолыңнан бәрі келеді-ең бастысы, өзіңе сен және еңбектен!
2. Негізгі бөлім:
Тақырыптық әңгіме: «Өз уақытыңды тиімді басқар»
Топтық жаттығу: «Сенімділік көпірі»-оқушылар бір-біріне мотивациялық сөздер айтып, өз-өзіне сенімді болу тәсілдерін талқылады.
ҰБТ-ға дайындыққа арналған психологиялық кеңестер
1. Уақытты дұрыс жоспарла
Дайындық кестесін жаса: қай пәнге қанша уақыт бөлетініңді нақтыла.
Күн сайын тұрақты 2–3 сағат дайындалу-тиімді нәтиже береді.
Қайталауды емтиханға 1 апта қалғанда емес, бүгіннен баста.
2. Тыныш орта мен режим сақта
Сабаққа дайындалатын орның таза әрі тыныш болсын.
Ұйқыны қалыс қалдырма: күніне кемінде 7-8 сағат ұйықтау ми белсенділігін арттырады.
Дұрыс тамақтану мен таза ауада серуендеу – есте сақтауды жақсартады.
3.Қобалжуды басқар
Қобалжу-табиғи құбылыс. Оны өзіңнің мотивация көзіңе айналдыр.
Терең тыныс алу, жеңіл жаттығулар жасау жүйкеңді тыныштандырады.
«Мен дайынмын, мен қолымнан келеді!» деген позитивті аффирмациялар айт.
4. Өзіңе сенім арт
Бұрынғы жетістіктеріңді еске ал-олар саған күш береді.
Қиын сұрақтар кездессе, уайымдама. Бірінші оңай сұрақтардан баста.
Қателік-дамудың бөлігі екенін ұмытпа.
5. Тест тапсыру кезінде
Бір сұраққа ұзақ тоқталма, қиын болса кейінге қалдыр.
Барлық сұрақтарды мұқият оқы.
Уақытты тең бөлуді ұмытпа.
6. Психологиялық дайындық
Күніне 5-10 минут релаксация жаса: көзіңді жұмып, терең тыныс ал.
Мотивациялық музыка немесе бейнелер көру пайдалы.
Достарыңмен бір-біріңе қолдау көрсетіп, жағымды сөздер айт.
7. Емтихан алдында
Соңғы күні жаңа тақырып оқыма, тек қайталау жаса.
Таңертең жеңіл таңғы ас іш.
Өзіңді сенімді, сабырлы ұста.
Мотивациялық сөздер:
“Менің еңбегім босқа кетпейді.”
“Мен өз уақытымды дұрыс басқара аламын.”
“Менің қолымнан бәрі келеді.”
Психологиялық тест: «Менің дайындық деңгейім»
Талдау: тест нәтижелері бойынша әр оқушы өз әлсіз және күшті тұстарын анықтады.
Релаксациялық жаттығу: «Тыныс алу арқылы тыныштыққа жету»
3. Қорытынды бөлім:
Психолог оқушыларға табыс тіледі, ҰБТ-ға дайындық барысында күн тәртібін дұрыс ұйымдастырудың және ұйқы, тамақтану, демалыс тәртібін сақтау маңызын түсіндірді.