Қатысушылар: 11-сынып оқушылары
Күні: 11.11.2025 ж
Мақсаты: Мемлекеттік емтихан, ұлттық бірыңғай тестілеу алдында 11-сынып оқушыларының өз-өзіне деген сенімділігін арттыру, қобалжуды төмендету, өмірлік мақсаттарын айқындауға көмектесу.
Тренинг барысы: Шара барысында оқушылар «Тілек шеңбері», «Менің армандарым», «Мен және менің болашағым» , «Болашағыма хат» сияқты әдістер арқылы өз өмірлік мақсаттарын айқындап, сенімділікті арттыруға бағытталған жаттығулар орындады.
Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық білдіріп, өз болашағына деген оң көзқарасын қалыптастырды.
Қорытынды:
“Мен және менің болашағым” атты психологиялық тренинг өз мақсатына жетті. Оқушылардың бойында өз-өзіне сенімділік, мақсатқа ұмтылушылық және болашаққа деген жауапкершілік сезімі артты.
Мектеп психологі: А.А.Жумаханова
Педагог-кәсіби бағдар беруші: Ү.О.Жайлханова