Буллингке жол жоқ!
Құрмет пен достық-біздің таңдауымыз!
Біз бәріміз мектепте, көшеде, отбасымызда өзін қауіпсіз сезінгіміз келеді. Әрбір бала мен жасөспірім құрметке, махаббатқа және қамқорлыққа лайық. Буллинг-мазақ ету, кемсіту, қысым көрсету-бұл әлсіздіктің белгісі. Ол ешкімге пайда әкелмейді, тек жүректерді жаралап, адамдарды алшақтатады.
🟡Біздің таңдауымыз-бір-бірімізді қолдау, дос болу және сыйластық таныту. Достық пен мейірімділік арқылы біз кез келген қиындықты жеңе аламыз. Әрқайсымыздың сөзіміз бен әрекетіміз өзгеге әсер ететінін ұмытпайық.
Кішкентай ғана жылы сөз, қолдау немесе күлімсіреу-біреудің күнін жарық қыла алады. Сондықтан буллингке жол жоқ! Құрмет пен достық-біздің басты құндылығымыз!






