30 қыркүйек күні, Геолог" мәдениет Үйінің уйымдастыруымен, "1-сынып оқушылары арасында, балалардың өнер мен білімге құштарлығын арттыру мақсатында "Алғашқы қадам-2023" байқауы өтті. Байқауға 1-ші "А" сыныбының атынан Айдынғали Асылым шығып, 40 қатысушы арасында өз өнерімен барша халықты тәнті етті. Өзін сахнада көрсете алғаны үшін Диплом мен медальге ие болды. Класс жетекшісі: К. Т. Суликанова







