2024 – 2025 оқу жылында «№45 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-сі «Мұғалімдер күнін» атап өтті. «Ұстаз -  жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын,  алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» - деп Әл – Фараби айтқандай ерекше жандардың мерекесін ерекше атап өту мақсатында  Гуманитар бірлестігі және бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен атап өтілді. Мерекелік кешке 41 ұстаз қатысып, әр ұстазға 4 000 тг көлемінде қолдау білдірілді.