Мектебімізде ағымдағы жылдың қазан айының 3-і күні мектепішілік “Алтын сақа” математикалық олимпиадасы өткізілді.

“Алтын сақа” пәндік олимпиадасы - математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыруды және қабілетті балаларды анықтап, оларды ынталандыруды мақсат етеді.

Олимпиада логикалық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Олимпиадаға мектебімізден 3,4 сынып оқушылары арасынан 23 оқушы қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды.