Мектебімізде ағымдағы жылдың қазан айының 9-ы күні мектепішілік “Кішкентай білгірлер” математикалық олимпиадасы өткізілді.
Мақсаты: “Кішкентай білгірлер” пәндік олимпиадасы - математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыруды және қабілетті балаларды анықтап, оларды ынталандыруды мақсат етеді.
Олимпиада логикалық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Олимпиадаға мектебімізден 4 сынып оқушылары арасынан 10 оқушы қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен 4 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды.