Қазан айының 28-і күні мектебімізде 5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың пәндік біліктері мен дағдыларын жетілдіру, ақыл-ой қабілеттерін және зерек ойлылықты, ізденушілік және өз бетінше білім алу әрекеттерін дамыту.
Олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 5 сыныптан 29 оқушы, 6 сыныптан 12 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды.