Дарынды баланың дарынын шынайы байқап, оны жарыққа шығаратын ұстаз - білімнің шамшырағы!
Қыркүйек айының 24-і күні мектебімізде мектеп педагогтеріне арналған “Жас ғалым - жарқын болашақ” тақырыбында республикалық “Зерде” шығармашылық жобалар мен зерттеу конкурсы бойынша кеңес беру сағаты өткізілді.
Мақсаты: зерттеу-жобалау қызметіндегі негізгі ережелерді талдау, жас зерттеушілердің аясын кеңейту. 2024-2025 оқу жылындағы жобалар мен зерттеу конкурсына қатысқан оқушылар мен жеңімпаздарды таныстырып, негізгі ережелерге тоқталды. Тәжірибелі ұстаздардың шығармашылық жобалау қызметіндегі тиімді тәсілдерімен, іс-тәжірибесімен таныстыру жүзеге асты. Педагогтер өздерін қызықтырған мәселелер бойынша жауап алды.
“Зерттеуші рухын оятып, шәкіртке сенім сыйлайтын мұғалім - болашақ ғалымдардың алғашқы жетекшісі”
Ұйымдастырушылар: ҚББ педагогтері Д.М.Джолдасбаева, Д.С.Сапар.





